Біз туралы
Global Glass – табақшалы шыныны өңдеу жөніндегі зауыттың сауда маркісі.
Біз шыныны әрі қарай қасбеттерді, атриумдарды әйнектеуде, қоршаулар, далдалар, душ кабиналары, есіктер, баспалдақтар, шатырлар, күнқағарлар, бастырмалар, асүй алжапқыштары және т.б. секілді саналуан шыны конструкцияларды жасауда қолдану үшін оны өңдеу технологиясын іске асырамыз.
Сенімді ынтымақтастық – біздің басымдығымыз. Бұл біздің жылдам әрекет ететінімізді әрі өз серіктестерімізге жобаларды мерзімінде іске асыруына жәрдем беретінімізді білдіреді. Әрбір жобаның бірегей екенін білеміз, сондықтан егжей-тегжейлерді мұқият зерттеп, ең үздік шешім ұсынамыз.


Табақшалы шыныны өңдеу еуропалық технологиямен, Австриядан, Италия мен Германиядан әкелінген, бірегей нәтижелерге қол жеткізуге және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес болуға мүмкіндік беретін заманауи, дәлдігі жоғары және озық еуропалық жабдықта жүргізіледі.
Өндірістік
қуаты
жылына 1 000 000 м2
Біздің серіктестеріміз
Біз ірі шыны өндірушілермен бірге жұмыс істейміз



